Өрт — адамдардың өмірі мен денсаулығына, тұрғын үйлерге, нысандарға және табиғатқа үлкен қауіп төндіретін төтенше жағдай. Өрттердің басым бөлігі адамдардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан туындайды. Осыған байланысты азаматтарға күнделікті өмірде, жұмыс барысында және табиғатта өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет екенін ескертеміз.
Тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелері:
•Электр құралдарын тек зауыттық күйінде, жарамды күйде қолданыңыз;
•Электр сымдарын артық жүктемеңіз және ұзартқыштарға бірнеше құрылғыны қоспаңыз;
•Пеш пен жылыту жабдықтарын қадағалаусыз қалдырмаңыз;
•Балаларды отпен жалғыз қалдырмаңыз;
•Темекіні тек арнайы жерлерде шегіңіз, төсекте шегуге қатаң тыйым салынады;
•Автономды түтін детекторларын орнату — өрттің ерте кезеңінде анықталуына көмектеседі.
Жұмыс орнында:
•Барлық қызметкерлер өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өтуі тиіс;
•Эвакуация жолдары мен шығу есіктері үнемі ашық және қолжетімді болуы қажет;
•Өрт сөндіру құралдарының жұмысқа жарамдылығы тексеріліп тұруы керек;
•Отпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы қажет.
Табиғатта және ашық алаңдарда:
•Қоқыс пен құрғақ шөпті рұқсат етілмеген жерлерде өртеуге болмайды;
•Желді немесе ыстық ауа райында ашық от жағуға тыйым салынады;
•Костер жаққаннан кейін міндетті түрде толығымен сөндіріңіз;
•Орманды немесе далалық жерлерде темекі тұқылын тастамаңыз.
Өрт шыққан жағдайда:
•Дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз;
•Эвакуацияны ұйымдастырып, өрт шыққан жерден тез арада алыстап, қауіпсіз орынға барыңыз;
•Егер мүмкін болса, өртті алғашқы сөндіру құралдарымен сөндіруге тырысыңыз;
•Лифтіні пайдалануға болмайды, түтін басқан кезде есіктерді жабық ұстаңыз.
Жауапкершілік туралы:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Өрт салдарынан келтірілген шығындар толық көлемде кінәлі тұлғадан өндіріледі.
Құрметті азаматтар!
Өрттің алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындаңыз