«Алматы» ауданында жаңа абаттандырылған 2 аула ашылды: Рысқұлбеков көшесі, 16/1, 16/3

«Алматы» ауданында жаңа абаттандырылған 2 аула ашылды: Рысқұлбеков көшесі, 16/1, 16/3

«Алматы» ауданында жаңа абаттандырылған 2 аула ашылды: Рысқұлбеков көшесі, 16/1, 16/3.

Ашылу салтанаты мерекелік көңіл-күйде өтті. Іс-шараға аниматорлар мен тұрғындар қатысты. Кішкентай тұрғындар үшін қызықты ойын-сауықтар мен тәттілер ұйымдастырылды.

Аудан әкімі аппаратының тарапынан аулаларды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды:
- Кіші архитектуралық формалар орнатылды;
- Балалар ойын алаңдары жаңартылды;
- Қоршаулар мен ойын алаңдарының жабындары ауыстырылды;
- Футбол және баскетбол алаңдары жөнделді;
- Жаңа спорт алаңдары мен автотұрақ аймақтары жабдықталды;
- Тұрғындардың жайлылығы үшін орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар үшін заманауи workout аймағы салынды — бұл таза ауада спортпен айналысуға арналған тамаша орын.

Ертең ауданда тағы 4 ауланың ашылуы жоспарлануда.
Ауданымызды одан әрі жайлы, қауіпсіз және көрікті ету жұмыстарын жалғастырамыз!