Жазғы аптап ыстық басталғанда өрт шығу қаупі күрт артады. Жоғары температура, құрғақ шөп, күшті жел мен адам факторлары бірігіп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Азаматтық қорғау мамандары ескертеді: өртті сөндіргеннен гөрі, алдын алған оңай. Қарапайым ережелерді сақтау — өмірді, денсаулықты және мүлікті сақтап қалуға көмектеседі.
Табиғат аясында — барынша сақтық.
Жазғы пикниктер, саяжайға бару немесе орманда серуендеу кезінде ерекше мұқият болу қажет.
Төмендегілерге қатаң тыйым салынады:
•ормандарда және құрғақ шөп өскен ашық жерлерде от жағу;
•сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын тастау;
•арнайы жабдықталмаған орындарда мангал пайдалану.
Тамақ дайындап болған соң, көмір қалдықтарын толық суытып, сумен мұқият сөндіру керек. Мангал маңында міндетті түрде алғашқы өрт сөндіру құралдары — су, құм немесе өрт сөндіргіш болуы тиіс.
Үйде және саяжайда.
Жазғы ыстықта тұрмыстық техникаларға түсетін жүктеме артады — кондиционерлер, желдеткіштер, тоңазытқыштар.
Өрттің алдын алу үшін:
•электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз;
•тұрмыстық техниканы қараусыз қалдырмаңыз;
•жанғыш заттарды күн сәулесі түсетін жерлерде сақтамаңыз.
Үйде жұмыс істейтін өрт сөндіргіш болғаны және оны қолдана білу маңызды.
Көлікте.
Көлік салонында қалдырылған аэрозольдар, оттықтар немесе аккумуляторлар күн астында қатты қызып, өртке себеп болуы мүмкін. Бұған жол бермеңіз — қажетсіз заттарды көлікте, әсіресе жабық күйде күн астында қалдырмаңыз.
Өрт болған жағдайда не істеу керек?
•Мүмкіндігінше тез арада 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
•Қолда бар құралдармен (су, құм, өрт сөндіргіш) өртті сөндіруге тырысыңыз.
•Алаңдамаңыз және қауіпсіз жерге эвакуация жасаңыз.
•Тығылмаңыз! Бұл құтқарушылардың сізді табуын қиындатады.
Назар аударыңыз! Өз өміріңіз бен жақындарыңызды қорғаңыз
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау — әрбір азаматтың міндеті.
Өртті байқасаңыз, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.