ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Төрағасының бұйрығымен аппарат басшысы болып Батырбек Әбділдин тағайындалды.
Батырбек Әбділдин 1982 жылы дүниеге келген. Ол А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін және Орталық Азия университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы шетелдік коммерциялық ұйымның өкілі ретінде бастаған.
2002-2005 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің «Құрылыс консалтинг» АҚ маманы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2005-2009 жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.
2009-2011 жылдары — «Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, директор орынбасары болды.
2011-2015 жылдары — «Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасы» МКК бас дәрігерінің орынбасары ретінде жұмыс істеді.
2015-2020 жылдары жеке секторда еңбек еткен.
2018-2019 жылдары — Қазақстанның медициналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры.
2020 – 2021 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобалық кеңсесінің басшысы.
2021-2024 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болды.
2024-2025 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.