Агенттік жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру туралы хабарлама

Агенттік жанындағы жеке кәсіпкерлік  субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) жанындағы жеке кәсіпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптама кеңесі құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі – бірлестіктер мен ұйымдар) аккредиттеу жүргізуді жариялайды.

Аккредиттелген бірлестіктер мен ұйымдар Агенттік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу құқығын алады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі туралы қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес Агенттікте аккредиттеуге бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.

Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік органға электрондық нысанда:

       1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;

      2) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;

      3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

      Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.

 

Байланыс:

Калибаева Бекзат Балтабаевна

Телефон:  8 (7172) 64-97-92

Пошта: b.kalibayeva@aspire.gov.kz