Қоғамдық кеңесте модельдеу құралдары, институттар мен экономиканың өзара байланысы талқыланды

Қоғамдық кеңесте модельдеу құралдары, институттар мен экономиканың өзара байланысы талқыланды

Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Отырысты ашқан кеңес Төрағасы Әлихан Байменов бұл биылғы төртінші және соңғы қоғамдық кеңес отырысы екенін атап өтті.

«Біз азаматтық қоғам өкілдері ретінде әрдайым жалпыға бірдей даму жолында өз үлесімізді қосып, біліміміз бен тәжірибемізді бөлісуге қуаныштымыз» - деді ол.

Алғашқы спикер ретінде макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Дастан Әлжанов сөз сөйлеп, онда Агенттіктің модельдік құралдары мен авторлық әзірлемелерін таныстырды.

Одан кейін, Қоғамдық кеңес мүшесі, «DESHT» консалтинг компаниясының директоры Қуаныш Жайықов институттар мен экономикалық даму, олардың салыстырмалы маңызы, Қазақстанның жетістіктері мен жақсарту тетіктері жайлы айтты.

Қорытындылай келе, кеңес мүшелері 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, жұмысты жаңа форматта жалғастыруға келісті.