Реформалар агенттігінде Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жұмысын бастады

Реформалар агенттігінде Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жұмысын бастады

Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде жаңартылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес бұрын сайланған Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі аяқталды. Агенттік төрағасы Жандос Шаймардановтың айтуынша, өткен құрам Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаттары Марат Құсайынов пен Мәди Такиевтің басшылығымен өз міндеттерін сәтті орындады.

Отырыста Қоғамдық кеңестің төрағасы сайланып, оның ережесі мен 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, Агенттік қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Мәселен, Қоғамдық кеңестің төрағасы болып мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов сайланды.

«Біз қоғам өкілдері ретінде стратегиялық жоспарлау мәселелерінде қолдау көрсету үшін барлық әлеуетімізді, біліміміз бен тәжірибемізді қолданамыз», - деді ол. 

Кеңес мүшелері Төрехан Қосжанов, Жаныбек Айғазин, Қуаныш Жайықов, Әлихан Байдусенов, Бану Нұрғазиева, Андрей Ершов және Мақсат Мұханов кеңес жұмысы бойынша өз пікірлерін білдірді.

Кеңестің жаңа құрамының мүшелері әртүрлі салаларда, соның ішінде экономикалық және әлеуметтанулық зерттеулерде орасан зор кәсіби тәжірибесі мен практикалық дағдылары бар екенін атап өткен жөн. Сарапшылардың осындай құрамының әлеуетін ескере отырып, Кеңестің жұмысы Агенттік қызметінің рөлін күшейту және тиімділігін арттыру үшін жаңа форматта құрылады деп күтілуде.  

Қоғамдық кеңес мүшелерінің толық тізімімен осы сілтеме бойынша танысуға болады.