Стратегиялық сессияда экология саласы талқыланды

Стратегиялық сессияда экология саласы талқыланды

Агенттікте Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасын талқылау бойынша экология және су ресурстары саласының өкілдермен кездесу өтті.

Кездесуде ауаның ластануы, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және оларды өлшеу индикаторлары, жергілікті атқарушы органдардың экологияны жақсарту жөніндегі қызметін бағалау, биоәртүрлілік пен көгалдандыруды сақтау, сондай-ақ су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері көтерілді.

Сессия барысында сарапшылар өз ұсыныстары мен бастамаларын білдірді.

Іс-шараға Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының өкілдері А.Баймағанова және В.Мұстафина, Практик-экологтар қауымдастығының төрағасы Л.Маликова, Сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары қауымдастығының президенті В.Сюндюков, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Б.Ахметаев қатысты.