Агенттікте Сауд Арабиясының өкілдерімен стратегиялық жоспарлау туралы тәжірибе алмасу өтті

Агенттікте Сауд Арабиясының өкілдерімен стратегиялық жоспарлау туралы тәжірибе алмасу өтті

Бүгін Астанада Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің төрағасы Жандос Шаймарданов пен Сауд Арабиясы халықаралық стратегиялық әріптестік орталығының (SCISP) президенті Раад әл-Баракатимен кездесу өтті.

Іс-шараны ашқан Агенттік төрағасы ведомствоның қызметі, жұмыс жоспары мен құрылымы жайлы айтты. Сонымен қатар, Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов
«Пайым: Қазақстан – 2050» жобасын таныстырып, стратегияның басымдықтарын, ел алдында тұрған мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер жайлы сөз қозғады.

Өз кезегінде SCISP президенті Раад әл-Баракати мемлекеттік органның құрылымымен таныстырып, Сауд Арабиясының «Vision – 2030» бағдарламасын іске асыру мен орындалу мониторингіне қатысты тәжірибесімен бөлісті.

SCISP аға вице-президенті Рияд әл-Фаиздің айтуынша, «Saudi Vision – 2030» стратегиясының көптеген бағдарламалары мерзімінен бұрын орындалған.

Кездесу нәтижесінде тараптар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Сауд Арабиясының халықаралық стратегиялық әріптестік орталығы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.