Агенттік төрағасы Ұлттық статистика бюросының жаңа басшысын таныстырды

Агенттік төрағасы Ұлттық статистика бюросының жаңа басшысын таныстырды

Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы болып Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев тағайындалды.

Ведомствоның жаңа басшысын таныстыра отырып, Агенттік төрағасы Жандос Шаймарданов Мақсат Тұрлыбаевтың мемлекеттік қызметте әртүрлі сатыларында еңбек еткен, сондай-ақ осыған дейін Бюро басшысының орынбасары қызметін атқарған тәжірибелі басшы екенін атап өтті.

Агенттік басшысы Бюроның алдында институционалдық-ұйымдастырушылық қайта құру, әкімшілік және баламалы деректер көздерін кеңінен пайдалану, сондай-ақ ведомствоның талдамалық әлеуетін нығайту мен статистикалық өндірістің барлық процестерін цифрландыру жөніндегі міндеттер тұрғанына тоқталды. Агенттік Төрағасының айтуынша, бұл өзгерістердің барлығы ақпараттың сапасын, шешім қабылдаудың жеделдігін және пайдаланушылар тарапынан сенім деңгейін айтарлықтай арттырады. 

Кездесу соңында Жандос Шаймарданов Бюро ұжымына жетістіктер тіледі.

 

Анықтама үшін:

Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев 1987 жылы туған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген, Сеул ұлттық университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы қызметінен бастаған.

2010-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.

2016-2020 жж. – Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2020-2021 жж. – Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы.

2021-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.

2022 жылғы шілдеден бастап Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.