Агенттікке Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының өкілдері келді

Агенттікке Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының өкілдері келді

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің төрағасы Жандос Шаймарданов пен Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының басшысы Николя Бланше Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажетті басым реформаларды талқылады.

Жандос Шаймарданов атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік «Пайым: Қазақстан – 2050» жаңартылған стратегиясын әзірледі. Ол бекітілгеннен кейін, ұзақ мерзімді мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ететін 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары қабылданады.

Халықаралық валюта қорының өкілі Николас Бланше елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтіп, экономикалық жаңғыртудың негізгі салаларына жәрдемдесуге дайын екендігін атап өтті.