Рамиль Тохтиев ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Әлеуметтік сала департаментінің директоры болып тағайындалды.
Ол Халықаралық бизнес университетін «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, Алматы технологиялық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітіріп, Қаржы академиясында «қаржы және қаржылық талдау» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
2012-2015 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК аудандық бөлімшесінде, облыстық филиалында және орталық аппаратында маман ретінде қызмет етті.
2015-2016 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Алматы облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті департаментінің зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
2017 жылдан 2022 жылға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің сарапшысы, базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бас сарапшысы, әлеуметтік сақтандыру басқармасының басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2022-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің әлеуметтік сала департаменті директорының орынбасары ретінде еңбек етті.
2023 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің әлеуметтік сала департаментінің директоры қызметін атқаруда.