Агенттікте «Пайым: Қазақстан – 2050» және 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары стратегиялық құжаттарын жаңарту тәсілдері талқыланды

Агенттікте «Пайым: Қазақстан – 2050» және 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары стратегиялық құжаттарын жаңарту тәсілдері талқыланды

Агенттікте халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті. Олардың қатарында Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Дүниежүзілік банк (ДБ), Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ), Азия Даму Банкі (АДБ), сондай-ақ инвестициялық қоғамдастық өкілдері болды.

«Пайым: Қазақстан – 2050» құжатын жаңарту және 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын сапалы қалыптастыру үшін Агенттік ауқымды талдамалық және зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сыртқы және ішкі сын-қатерлерді бағалауды жүзеге асырып, жаһандық әлемдік трендтерді зерделеді.

Агенттік Төрағасы Әсет Ерғалиевтің айтуынша, қазір мемлекеттік жоспарлаудың бүкіл жүйесін қайта іске қосуға және Қазақстанның ел және әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі ретіндегі ұзақ мерзімді және орта мерзімді ұмтылыстарын айқындауға бірегей мүмкіндік пайда болды.

Өткізілген іс-шаралардың басты міндеті еліміздің жаңа стратегиялық құжаттарының пайымын қалыптастыру үшін қажетті пікір, тиісті тәжірибе және ақпаратпен алмасу болды.

Кездесулер барысында инвестицияларды тартудың сапалы тәсілдері, су ресурстары мәселелері, өңірлік өзара іс-қимыл, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, қалалар мен ауылдық аумақтарды дамыту, көлік дәліздері, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін күшейту, адами капиталдың әлеуетін арттыру және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.

ЕАДБ бас экономисі Евгений Винокуровтың пікірінше, жаңартылған стратегиялық құжаттар елді жасанды интеллект адамдардың өмірінде үйреншікті жағдайға айналатын болашақ әлемінің бір бөлігі болуға дайындауы керек. Өз кезегінде ЕҚДБ жетекші өңірлік экономисі Эрик Ливни Қазақстанның логистикалық хаб ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, Орталық Азия елдері арқылы транзиттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.