Әсет Ерғалиев Дүниежүзілік экономикалық форум өкілдерімен кездесті

Әсет Ерғалиев Дүниежүзілік экономикалық форум өкілдерімен кездесті

Бүгін Агенттік төрағасы Әсет Ерғалиев Дүниежүзілік экономикалық форумның басқарушы директоры Мирек Дюшекпен кездесті.

Тараптар Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форуммен өзара іс-қимыл форматтарын талқылады.

Ведомство басшысының айтуынша, Агенттіктің негізгі қызметі әлеуметтік-экономикалық реформаларды әзірлеу. Осы бағытта бірлескен зерттеулер мен талдамалық материалдарды әзірлеу бөлігінде Агенттік пен ДЭФ арасында ынтымақтастық үшін бірқатар мүмкіндік бар.  

Сондай-ақ, талқылауға Орта дәліз немесе Транскаспий халықаралық көлік бағыты және Орталық Азия өңірінің әлеуетін дамыту перспективалары арқау болды.

Мирек Дюшек Қазақстанның орта дәлізге қатысушы ретінде маңыздылығын атап өтіп, технологиялар, жасанды интеллект және халықаралық бәсекеге қабілеттілік саласындағы іске асып жатқан жобалар жайлы айтты.

Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастық үшін қажетті пікір-идеялармен алмасты.
 
 
Анықтама үшін:
 
Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз немесе Middle Corridor) — Қытай, Қазақстан, Каспий теңізінің акваториясы, Әзірбайжан, Грузия және одан әрі Түркия мен Еуропа елдері арқылы өтетін халықаралық көлік дәлізі. 2021 жылғы жағдай бойынша маршрут арқылы мұнай-химия өнімдері, қара және түсті металдар, көмір, ферроқорытпалар, ауыл шаруашылығы өнімдері тасымалданып, жүктерді контейнерлік тасымалдау жүзеге асырылады.