Мемлекеттік жоспарлау үшін статистиканың пайдасы қандай?

Мемлекеттік жоспарлау үшін статистиканың пайдасы қандай?

Бүгін Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов Сенат жанындағы Талдау мектебі алаңында «Қазақстанның өңірлері статистикалық деректерде: сандар не дейді?» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс-тренингтің мақсаты тыңдаушыларға өңірлік экономика салаларын сапалы талдау үшін статистиканы қолданудың практикалық дағдыларын беру болды.

Спикер мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құрылымы мен иерархиясын түсіндірді, статистиканың өңірлік қайнар көздері мен Қазақстан экономикасының ерекшеліктеріне тоқталып, талдаудың нақты құралдары жайлы айтты.

Қатысушылар демография, ауыл аймақтарын дамыту, мемлекеттік жоспарлау құжаттары туралы сұрақтар қойып, ұлттық статистиканың дамуына қатысты идеяларын білдірді.

Төраға орынбасары қорытынды сөзінде тыңдаушыларды Агенттік ұйымдастыратын стратегиялық сессиялар аясында ынтымақтастық пен пікірталасқа шақырды.