Жастар ғылыми форумында реформалау логикасына қатысты айтылды

Жастар ғылыми форумында реформалау логикасына қатысты айтылды

Бүгін Агенттіктің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Сырымбет Қаскеев «Ғылым – даму драйвері. «Science to policy» принципі» тақырыбындағы III YRA форумы пленарлық отырысына қатысты.

Спикер реформаларды әзірлеу кезіндегі жүргізілетін зерттеулер мен талдаулар туралы айтып, Агенттік қызметінің логикасын түсіндірді.

«Агенттіктің міндеті – пікірлердің плюрализмін қамтамасыз ету. Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік саясатты Үкімет жүзеге асыруда, бірақ біздің мақсатымыз – балама көзқарас ұсыну», - деді С.Қаскеев.

Сөз соңында, департамент басшысы ғылым өкілдерін, стейкхолдерлер мен сарапшыларды Агенттіктің Стратегиялық сессиялар цикліне қатысуға шақырып, ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.