Давоста жаһандық ынтымақтастық талқыланады

Давоста жаһандық ынтымақтастық талқыланады

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Төрағасы Әсет Ерғалиев Швейцарияның Давос қаласында өтетін жыл сайынғы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысады.

Биылғы жылы а.ж. 16-20 қаңтарынан бастап өтетін іс-шара «Ұсақталған әлемдегі ынтымақтастық» тақырыбына арналып, жаһандық проблемаларды шешу үшін мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы шешімдер мен бірлескен қызметке бағытталатын болады.

Форум әлемдік көшбасшыларды энергетика, климат және табиғат, инвестициялар, сауда және инфрақұрылым, озық технологиялар мен өнеркәсіптің тұрақтылығы және көпқырлы әлемдегі геосаяси ынтымақтастық мәселелерімен бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

53-ші Дүниежүзілік экономикалық форум 2700-ден астам қатысушыларды, мемлекет басшыларын, бизнес және азаматтық қоғам өкілдерін, сарапшылар мен журналистерді біріктіреді.