Агенттік стратегиялық сессиялар циклін бастайды

Агенттік стратегиялық сессиялар циклін бастайды

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі 2023 жылы маңызды қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық сұрақтар бойынша стратегиялық сессиялар циклін өткізетіні туралы хабарлайды.

Аталған сессияларға ғалымдар мен сала мамандары, сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық және ҮЕҰ өкілдері шақырылады. Стратегиялық сессиялар циклі белгілі тақырыптар бойынша мүдделі тараптардың көзқарастары мен пікірлерін тыңдай отырып, ортақ шешімдерге қол жеткізуге, қоғамның маңызды салалары бойынша реформалар, трансформациялар мен құқықтық өзгерістерге ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сессиялар  экономикалық реформалар, салық, қала құрылысы, мемлекеттік сатып алу заңнамасы, әлеуметтік сала, мемлекеттік жоспарлау стратегиясы және басқа да тақырыптарды қамтиды.

Аталған шараны жыл бойы тұрақты өткізу көзделген. Стратегиялық сессиялардың тақырыбы, қатысушылар құрамы және контенті бойынша ұсыныстарыңызды агенттіктің коммуникация қызметінің press@aspire.gov.kz ресми поштасына жолдай аласыз.