ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ресми интернет-ресурсын жаңартты.
Азаматтардың ресми статистикаға деген жоғары қызығушылығын ескере отырып (өткен жылы 14,7 миллион адам сайтқа кірген) пайдаланушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасау жөнінде шешім қабылданды.
Қандай өзгерістер орын алды?
Сайт құрылымы жаңарды, бұл ретте әдеттегі бағандар сақталып, халық, инфляция, ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі, кірістер және сыртқы сауда балансы бойынша басты айдарлар енгізілді. Сонымен қатар, жарияланымдардың жаңа web-форматы және статистикалық ақпаратты ұсынудың жаңа құралдары пайда болды. Әр саланың өз парақшасы бар, онда азаматтар барлық статистикалық көрсеткіштерді толық көлемде ала алады.
Сайттың жаңа құрылымы сайт бойынша жаңа шешімдерді талдаған фокус-топтың қолданушылық мінез-құлқын, қорытындылары мен ұсыныстарын зерттеу негізінде жасалды. Сайттың дизайн жүйесі көру қабілеті нашар адамдарға ақпарат берудің заманауи стандарттарына сәйкес келеді.
Сайттың жаңартылған нұсқасы тестілеу кезеңі аяқталған соң толықтай күшіне енеді. Барлық ескертулер мен ұсыныстарды «Пікірлер мен ұсыныстар» айдарында қалдыруға болады.
Келесі сілтеме бойынша танысуды ұсынамыз https://new.stat.gov.kz/