Сенатта денсаулық сақтау мәселелері талқыланды

Сенатта денсаулық сақтау мәселелері талқыланды

Бүгін Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі төрағасының орынбасары Әркен Өтенов Сенаттағы денсаулық сақтау тақырыбындағы Үкіметтік сағатқа қатысты.

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина атап өткендей, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің қорытындысына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық жоба нәтижелерінің көрсеткіштеріне 100%, 2021 жылға жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижелеріне 89%-ға қол жеткізгеніне қарамастан, әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен стратегиялық көрсеткіштер бойынша тек 25%-ға қол жеткізген (8 көрсеткіштің екеуі ғана), ал халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері теріс динамикаға ие.

Спикер өмір сүру ұзақтығы төмендегенін, нәресте және ана өлімі өскенін, халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі небәрі 57,7%-ды құрағанын айтты.

Сонымен қатар, Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Агенттіктің талдау мәліметтеріне сүйене отырып, денсаулық сақтау саласын экономикалық ынталандыруға қарамастан, қызмет көрсету сапасының өсуі байқалмайтынын, керісінше тиімсіз шығындардың көбеюі байқалатынын, осыған байланысты қаржыландыруды одан әрі арттыру күтілетін нәтиже бермеуі мүмкін екенін атап өтті. «Агенттік проблеманы шешетін нақты ұсыныстар беріп отыр, бұл ұсыныстар Қаржы министрлігінің позициясымен сәйкес келеді, алайда бұл ұсыныстар ескерілмеген».

Сессия барысында денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды шешу Қазақстан адами капиталын дамыту үшін үлкен маңызға ие екендігі атап өтілді.