Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов Стратегиялық бастамалар форумының «Алдағы 7 жылдағы ТОП 7 реформа» сессиясына қатысты.
Панельдік сессияда бәсекелестікті дамыту, өңірлердің, шағын және микробизнестің мүмкіндіктері, сараптамаларды күшейту, инклюзивті институттар құру қажеттілігі және басқа да мәселелер талқыланды.
Сессия аясында О. Төлеуов қазіргі уақытта реформалау үрдістерінің саяси реформалар – құқықтық экожүйені трансформациялау – экономикалық демократияландыру реттілігі өзекті екенін атап өтті.
Спикер «Саяси реформалар басталғанын ескеретін болсақ, бұдан әрі сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау қажет. Одан кейінгі мәселе — бәсекелестікті күшейту, фаворитизмге қарсы күрес, нарықтарды монополиясыздандыру және деолигополизациялау. Үшіншіден, тиімді экономикалық ынталандыруды қалыптастыру, атап айтқанда салық реформасы және жаңа Бюджет кодексін қабылдау мәселесі.
Төртіншіден, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының транспарентті форматы және бесінші сұрақ – бұл әлеуметтік саясат, оның ішінде халықты әлеуметтік қолдаудың атаулылығын арттыру»,- деп атап көрсетті Агенттік басшысының орынбасары.
Форум аясында «ТОП-7 реформаның қайсысы ең маңызды?» атты онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша сот және құқық қорғау жүйелерінің реформасы ең көп дауыс жинады.