ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі отандастарымызды ұлттық валюта күнімен және қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды.
Осыдан 29 жыл бұрын ұлттық валюта – теңге ресми түрде айналымға енді. 1997 жылдан бері бұл атаулы күн ұлттық валюта күні және қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде белгіленді.
Ұлттық валютаны енгізу егемен еліміздің қастерлі тәуелсіздігін нығайтуда және дербес дамуында маңызды рөл атқарды. Теңге Қазақстанның қаржылық тәуелсіздігінің ажырамас символына айналды.
XV ғасырда түркі күміс монеталарының «денге» немесе «танга» деген тарихи атауы болған. Тәуелсіздікпен бірге келген ұлттық валюта теңге өз атын осы ортағасырлық атаудан алған.