СЖРА-де мемлекеттік жоспарлаудағы экологиялық басымдықтар туралы айтып берді

СЖРА-де мемлекеттік жоспарлаудағы экологиялық басымдықтар туралы айтып берді

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Сырымбет Қаскеев Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау құжаттарын әзірлеу кезінде экологиялық күн тәртібі қалай ескерілетіні туралы айтып берді.

"Жаһандық сын-қатерлерді және нарықтар мен капитал үшін күресті күшейтуді ескере отырып, жаңа экономикалық саясаттың маңызды міндеті көміртегі бейтараптығын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық стратегиясын әзірлейді, оның шеңберінде алдыңғы қатарлы тәжірибені ескере отыра, ESG орнықты даму қағидаттары мен стандарттарына көшу жүргізілетін болады", - деді ол VI Еуразиялық "Green Energy & Waste Recycling Forum-2022" бизнес – форумы барысында.

Оның айтуынша, парниктік газдар шығаруды едәуір азайту өндіріс пен тұтыну модельдерінде іргелі өзгерістерді, қазба энергия ресурстарын экологиялық емес жағудан көміртексіз технологияларға тез және тиімді көшуді, энергетика, өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл және орман шаруашылығы, жерді пайдалану және қалдықтарды басқару секторларында "жасыл" инновацияларды ауқымды енгізуді талап етеді.

"Осыған байланысты жеке инвесторлар үшін көміртектік бейтараптық жолында Қазақстан экономикасының инвестициялық тартымдылығын арттыру аса маңызды міндет болып табылады. Бұл үдерістегі мемлекеттің негізгі рөлі қолайлы заңнамалық және институционалдық орта құру, қажетті қаржылық және физикалық инфрақұрылымды дамытуды қолдау болып табылады", - деп атап өтті СЖРА өкілі.

СЖРА ақпараты бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның экологиялық стандарттарды енгізуге және реттеуге бейілділігін көрсететін негізгі құжаттар Экологиялық кодекс және "Жасыл Қазақстан"ұлттық жобасы мен жасыл экономикаға өту Тұжырымдамасы болып табылады.