КИМЭП-2022 оқу бітіру салтанатында СЖРА төрағасы Әсет Ерғалиевтің сөйлеген сөзі

КИМЭП-2022 оқу бітіру салтанатында СЖРА төрағасы Әсет Ерғалиевтің сөйлеген сөзі

Құрметті түлектер!

Сіздердің араларыңызда болу мен үшін үлкен қуаныш. Еліміздің жетекші университетінің бірінің түлектері алдында салтанатты сөз сөйлеу - үлкен мәртебе.

Он төрт жыл бұрын мен, сіз сияқты, осы қызықты және көптен күткен эмоцияларды бастан өткердім.

Биыл біздің альма-матер өзінің 30 жылдығын атап өтуде. Мен студенттерді, түлектерді, ата-аналарды, қызметкерлер мен оқытушыларды осы айтулы күнмен құттықтаймын!

КИМЭП-білім берудің халықаралық стандарттарын енгізген Орталық Азиядағы алғашқы университет. Осы 30 жыл ішінде КИМЭП бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлайтын сапа белгісіне айналды.

Мен үшін КИМЭП білім әлеміне қызықты жол ашты. Мұнда мен бакалавр дәрежесін алдым. Ең бастысы, мені үнемі жеке даму рухы шабыттандырды.

АҚШ-тың ең көрнекті президенттерінің бірі Авраам Линкольн айтқандай: "Мен дайындаламын және бір күні мен үшін мүмкіндік туады".

Осы ұстаныммен, мен білім мен тәжірибемді жинақтап, бетке алған жолдан таймадым. Бұл рецепт мені алға қарай тартып келеді. Осы рецептпен бүгін мен сіздермен бөлісіп отырмын. Біліктілік пен табандылықтың арқасында сіздер өз тәжірибеңізді пайдаланып, алға қарай жылжисыздар.   

Біз жоғары жылдамдық пен тектоникалық өзгерістердің күрделі, бірақ қызықты кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі таңда көптен күткен дипломдарды алғаннан кейін көптеген жаңа жолдар мен мүмкіндіктер ашылады. Кейбіріңіз білім алуды жалғастырсаңыз, біреуіңіз жұмысқа орналасып, ал біреуіңіз өз бизнесіңізді бастайсыз.

Қандай таңдау жасасаңыз да, сіздер: Қазақстанның жас, креативті, білімді патриоттары біздің елге қажетсіз.

Сіздің оқуды тәмамдау кешіңіздің Жаңа Қазақстан құрылысының басталуымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Биыл Мемлекет басшысы ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы жариялады.

Елімізде болып жатқан саяси өзгерістермен қатар біздің Агенттік экономикада құрылымдық және институционалдық реформалар жүргізуде.

Барлық реформалардың нәтижесі халқымыздың табысы мен өмір сүру деңгейінің нақты артуы, сондай-ақ Сіздер сияқты бүгінгі жас ұрпақ үшін мүмкіндіктердің ашылуы болып табылады!

Сіздердің әрқайсыңыз Қазақстанның өсуі мен дамуына өз үлесіңізді қоса аласыз. Біз бірге "Жаңа Қазақстанды" құра алатынымызға сенемін.

Сізді оқуды аяқтауыңызбен тағы да шын жүректен құттықтаймын! Барлық алдағы істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік!