ҚР СЖРА "Qazaq Green" жаңартылатын энергия көздері Қауымдастығы" ЗТБ-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР СЖРА "Qazaq Green" жаңартылатын энергия көздері Қауымдастығы" ЗТБ-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

        ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің  төрағасы Әсет Ерғалиев пен "Qazaq Green" ЖЭК Қауымдастығы" ЗТБ Басқарма төрағасы Айнұр Соспанова орта мерзімді кезеңге арналған электр энергетикасы саласын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша өзара ынтымақтастықты үйлестіру мақсатында меморандумға қол қойды.   

         Ынтымақтастық шеңберінде одан әрі жұмыс істеу үшін ортақ пайымды және техникалық ерекшелікті қалыптастыру, сала, даму институттары, халықаралық ұйымдар сарапшыларын қабылдау мен бекітуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесінде әзірленген Тұжырымдаманы ілгерілету бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспарланған.

         Таяуда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте электр генерациясындағы ЖЭК үлесін 2030 жылға қарай 15% - ға дейін арттыруды тапсырғаны белгілі.

        Тараптар электр энергетикасы саласын дамыту Тұжырымдамасын әзірлеуге ниетті және бұл құжат, ең алдымен, халықтың және отандық бизнестің мүдделеріне сай болуы үшін барлық күш-жігерді жұмсауға дайын екендіктерін білдірді.