СЖРА-да ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

СЖРА-да ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Ағымдағы жылдың 13-ші желтоқсанында Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарасы өтті, оған Агенттіктің, Ұлттық статистика бюросы басшылығы,  жауапты қызметкерлер қатысты.

Тәуелсіздік күні еліміздің басты мемлекеттік мерекесі болып табылады. Дәл осы егемендіктің арқасында ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу және перспективалық жоспарларды іске асыру бойынша жасампаз процесс іске қосылды.

Агенттік Төрағасы Қ.Келімбетов қазақстандық қоғам Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың басшылығымен қол жеткізілген табыстар мен жетістіктердің куәсі екенін атап өтті.

Ағымдағы жылы Агенттік Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп үлкен жұмыс жүргізді. Агенттік мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жүйесіне талдау жүргізді және Агенттіктің қатысуымен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары, жалпыұлттық басымдықтар, мемлекеттік жоспарлау жүйесі және мемлекеттік басқаруды дамыту Тұжырымдамасы әзірленді және ҚР Президентінің Жарлығымен  бекітілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, Ұлттық жобалар - құралы енгізілді. Агенттік сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің қызметіне белсенді қатысты.

Биылғы жылы елімізде ұлттық халық санағы табысты жүзеге асырылды.

Іс-шара барысында марапаттау рәсімі өткізіліп, ерекше көзге түскен қызметкерлерге мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Салтанатты жиынды қорытындылай келе, ведомство басшысы Агенттік пен бюроның барлық қызметкерлеріне еліміздің игілігі үшін ортақ жұмысқа қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.