ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қоғамдық Кеңесінің отырысы өтті

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қоғамдық Кеңесінің отырысы өтті

Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (СЖРА) Қоғамдық Кеңесінің отырысында СЖРА Талдау орталығы мен мемлекеттік статистика саласындағы заңдылықтарды жетілдіру мәселелері қарастырылды.

СЖРА Төрағасы Қ.Келімбетов Кеңестің мүшелерін Үкіметтің сандық офисінің жайымен хабардар етті. Оның айтуынша, сандық офис ұлттық жобалық офис, сандық трансформация орталығы және ұлттық талдау орталығы секілді үш орталықтан тұрады. Талдау орталығының негізгі міндеті стратегиялық мақсаттар бойынша ұсыныстарды дайындау, ҚР Үкіметінің басым бағыттарын жүзеге асыру, мемлекеттік органдар мен сараптамалық орталықтардың мәселелері мен ұсыныстары бойынша талдау шешімдерін жүзеге асыру.

Агенттік Төрағасының айтуынша, Қоғамдық кеңесте айтылатын ұсыныстар Үкіметтің сандық офисінің құрылымына үлкен әсер етеді, өйткені, барлық мәліметтер сонда топтастырылатын болады.

СЖРА Ұлттық Статистика Бюросының Төрағасы Н.Айдапкелов мемлекеттік статистика саласындағы заңдылықты жетілдіруге қатысты іс-шаралар туралы айтты.

Nur Otan партиясы, Азиялық зерттеулер Институты, Экономикалық саясат институты,  Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығы, Қазақстан Азаматтық Альянсы, «Альтернатива» баламалы зерттеулер орталығы және өзге де ұйымдардың өкілдерінен тұратын Кеңес мүшелері концепциялардың дайындалуына, әрі талдау орталығына мәліметтерді беру бойынша бірігіп жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.

«Жасыл Академия» ғылыми білім орталығының директоры Б.Есекина Қазақстан Республикасының төменкөмірсутекті дамуы Доктринасына қатысты бірқатар ұсыныстарын айтты.

Декарбонизация немесе төменкөмірсутекті дамуға өту – климаттың өзгеруіне күрес бойынша Париж келісіміне сай және қоршаған ортаға зиян әсерді төмендетуді алдына мақсат етіп қойған бастама.  

Б.Есекинаның айтуынша, экология және климатқа қатысты мәселелер мемлекеттердің стратегиялық саясаты бойынша  негізгі мәселеге айналып келеді. Қазақстанға келсек, біздің ел Париж келісімі мен ұлттық міндеттерін жүзеге асыру жолында. «Қазақстан үшін бұл жанды мәселе, өйткені, экономиканы әртараптандыруға қатысты болғандықтан, кешенді іс-шараларды қажет етеді» - деді Б.Есекина.

Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселелерді әрі қарай мемлекеттік органдар және сарапшылармен бірге талқылау жайттарын, ал Агенттік Төрағасы СЖРА-ның диалогқа сай арнайы алаңқайлардың бірі болуға дайын екендігін білдірді.

Агенттік Төрағасы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет  Басшысының Халыққа арнаған Жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес, СЖРА-ның мемлекеттік қаржыны басқару Концепциясын дайындауға белсенді қатысып отырғандығы туралы Кеңес мүшелерін хабардар етті.

Сонымен қатар Агенттіктің Қоғамдық Кеңесі дискуссияларына халықаралық ұйымдар тарапынан қатысып, ұсыныс айтуға қызығушылықтар туралы да айтылды.

Қ.Келімбетов Агенттіктің ашық жұмысы мен нәтижелі диалогтарға дайын екендігіне назар аударды.