ХАЛЫҚ САНАҒЫ-2021: АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ ТОЛЫҚ САҚТАЛАДЫ

ХАЛЫҚ САНАҒЫ-2021: АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ ТОЛЫҚ САҚТАЛАДЫ

Халық санағын жүргізу кезінде жеке деректердің қауіпсіздігіне кепілдік беріледі. Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.

Бюро басшысы санақ жүргізу кезінде азаматтардан алынатын барлық ақпарат қорғалған байланыс арналары (ұялы байланыс операторының желілерінде деректерді қорғалған түрде беру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы бойынша) арқылы бюроның орталық серверіне берілетінін, ондағы барлық деректерге криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану қолданылатынын түсіндірді.

"Ақпаратты қорғау үшін ҚР стандартына сәйкес ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары қолданылады. Криптографиялық басқару құралдары ақпаратты шифрлау және сақталатын, сондай-ақ берілетін маңызды ақпаратты қорғау үшін пайдаланылады", - деп атап өтті ол.

Sanag.gov.kz cайтын қорғау үшін Sectigo SSL сертификаты сатып алынды, онда пайдаланушы мен сервер арасында деректер алмасу қорғалған https хаттамасы бойынша жүреді деп түсіндірді Айдапкелов.

«Ұлттық статистика бюросының барлық ақпараттық жүйесі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері тізіміне енгізілген және ҚР ҰҚК "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ мониторингінде. Сондай-ақ, ақпараттандыру саласындағы заңнама талаптарына сәйкес ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізілді және оң нәтиже алынды", - деп нақтылады ол.

Бұдан басқа, "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ санақ бойынша sanaq.gov.kz ақпараттық ресурстың қол жетімділігіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді және хакерлік шабуылдардың алдын алуды қамтамасыз етеді.

"Алғашқы статистикалық деректердің сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету ҚР заңнамасымен реттелетін процестер шеңберінде заманауи техникалық құралдарды пайдалану арқылы және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен ынтымақтастықта жүзеге асырылады", - деп қорытындылады Айдапкелов.