ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің алғашқы отырысы өтті

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес құрамына Nur Otan партиясы, Азиялық зерттеулер Институты, Экономикалық саясат Институты, Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығы Кеңесі, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, «Альтернатива» зерттеулер орталығы өкілдері енген.

Агенттік Төрағасы К.Келімбетов Кеңес мүшелерін 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары және өзге де стратегиялық құжаттардың дайындалу барысындағы Агенттіктің рөлі туралы хабардар етті. Маңызды тапсырмалар, оның ішінде, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2021 жылдың маусым айына дейін бекітілуі тиіс ұлттық жобаларға кеңінен тоқталып өтті.

Алғашқы отырыс аясында Кеңестің 2021 жылғы жұмыс жоспары, Агенттіктің маңызды басымдықтары, ұлттық санақ бойынша нормативті құқықтық актілердің дайындығы қарастырылды.

Қ.Келімбетов, Агенттік Қоғамдық Кеңеспен ашық жұмыс істеуге дайын екендігін, Кеңесті ведомство жұмысына әділ баға беретін, ел азаматтарының маңызды сұрақтарын көрсете білетін серіктес ретінде қарастыратынын айтты.