
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының орынбасары Әділ Құсманов Азия даму банкі мен Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы ұйымдастырған мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) мәселелері жөніндегі халықаралық инвестициялық диалогта сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында Қазақстанның құрылымдық реформаларға, жеке инвестицияларды тартуға және мемлекеттік институттарды нығайтуға негізделген жаңа экономикалық даму моделін іске асырып жатқаны атап өтілді. Оның мақсаты – ұзақ мерзімді экономикалық өсуді және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті, әртараптандырылған әрі орнықты экономиканы қалыптастыру. МЖӘ заманауи инфрақұрылымды дамытуға, мемлекеттіккөрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және мемлекет пен бизнес арасындағы ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтуға ықпал ете отырып, жаңа экономикалық даму моделінің негізгі құралдарының бірі болып табылады.
МЖӘ жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Жүргізілген реформалар рәсімдердің ашықтығын арттырып, инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтті, сондай-ақ ұлттық тәсілдерді халықаралық стандарттармен үйлестіру арқылы жобаларды іске асыру үшін неғұрлым болжамды жағдай қалыптастырды.

Халықаралық қаржы институттары Қазақстанның маңызды серіктестері болып қала береді. Олар қаржыландырумен қатар сапалы жобаларды әзірлеуге, халықаралық сараптаманы тартуға, үздік әлемдік тәжірибеніенгізуге, институционалдық әлеуетті нығайтуға және инвесторлардың сенімін арттыруға ықпал етеді.
Алдағы кезеңдегі басым бағыттардың бірі – МЖӘ жобаларының сапасын арттыру.
Қазақстан әріптестікке ашық әрі көлік, энергетика, су инфрақұрылымы, денсаулық сақтау және жоғары білім беру салаларында сапалы МЖӘ жобаларын әзірлеу мақсатында халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті.