СЖРА мен ОЭСР стратегиялық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда өңірлік кеңсе ашу мәселелерін талқылады

СЖРА мен ОЭСР стратегиялық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда өңірлік кеңсе ашу мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде (СЖРА) ҚР Президент Кеңесшісі - СЖРА Басшысы Әсет Ерғалиевтің төрағалығымен ОЭСР өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге ОЭСР-дің Дүниежүзілік қатынастар және ынтымақтастық дирекциясының Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсон қатысты.

Кездесу барысында Томпсон ОЭСР-дің өңірлік жобаларын таныстырды. Оларға цифрлық құралдарды дамыту, инвестициялық климатты зерттеуде жасанды интеллектіні қолдану, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен бірлескен бастамалар кіреді.

«Қазақстанға арналған ОЭСР іс-қимыл Жоспары жаңа басымдықтарды ескере отырып жаңартылатын болады. Сондай-ақ біз статистика мен реформаларды талдау саласындағы өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейін атап өтеміз, бұл алдағы бірлескен жұмыстың сенімді негізін қалыптастырады», - деді Томпсон.

Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын және олардың практикалық іске асу мүмкіндіктерін талқылады. Оған халықаралық стандарттарды енгізу, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, реттеуші саясатты жетілдіру, бюрократиялық кедергілерді қысқарту және реформаларды жергілікті деңгейде қолдану кіреді. Арнайы назар жасанды интеллектіні енгізу сияқты жаңа бағыттарға аударылды.

Сонымен қатар, кездесу барысында Астанада ОЭСР Өңірлік кеңсесін ашу мәселесі қаралды, бұл ұйымның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын кеңейтуге стратегиялық маңызы жоғары екенін атап өтілді.

Әсет Ерғалиев Қазақстанның мемлекеттік саясатты талдау үшін заманауи құралдарды қолдану тәжірибесімен бөлісті:

«СЖРА ОЭСР іс-қимыл жоспарын толықтыруға дайын және белсенді бірлескен жұмысқа ниеттіміз. Біз кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы талдау үшін Реттеуші интеллект орталығын, сондай-ақ 2050 жылға дейін халық санының болжамын дайындаған Демографиялық талдау және болжам жасау орталығын құрдық. СЖРА-ға қарасты Ұлттық статистика бюросы терең жаңғыртудан өтіп, цифрлық құралдарды енгізуде және ұлттық статистика жүйесін реформалауда алдыңғы қатарда тұр», -
 деді Әсет Ерғалиев.

Кездесуде сондай-ақ 2026 жылғы 22-23 сәуірде Астанада өтетін Регионалды экологиялық саммитке (RES 2026) дайындық мәселелері талқыланды. ОЭСР саммиттің серіктесі болып, тұрақты энергетика, көлік және инфрақұрылым саласындағы іс-шараларды қолдайды.

Кездесуді қорытындылай келе, тараптар бірлескен жобаларды жалғастыруға және реформалардың тиімділігін арттыру үшін жаңа шешімдер енгізуге дайын екендіктерін растады.