Агенттік Төрағасы Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Агенттік Төрағасы Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды және бір мезгілде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметін атқаруды жалғастыруда.

Әсет Ерғалиев бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Премьер-Министрдің кеңесшісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдардағы Тұрақты өкілі қызметтерін атқарған. Ол Қазақстан, Швеция және Ұлыбританияның жетекші оқу орындарында экономист мамандығы бойынша білім алған.