Агенттік Төрағасы Әсет Ерғалиев халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі ұлттық байланыс жасайтын тұлға болып белгіленді

Агенттік Төрағасы Әсет Ерғалиев халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі ұлттық байланыс жасайтын тұлға болып белгіленді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі ұлттық байланыс жасайтын тұлға болып белгіленгенін хабарлады.

Аталған шешім халықаралық қаржы институттарымен өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыруға, жобалық тәртіпті нығайтуға және бірлескен бағдарламалар, инвестициялық жобалар мен аналитикалық зерттеулердің үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.