
Сіздерді Қазақстанның ұлттық статистикасына 105 жыл толуымен құттықтаймын! Осы күн кәсіби шеберліктің шынайы көрінісін және сіздердің жұмыстарыңыздың қоғам үшін маңыздылығын білдіреді.
Статистика объективті деректерге негізделген жауапкершілік пен шешімдер мәдениетін қалыптастыра отырып, мемлекеттік басқарудың, реформалардың және орнықты дамудың берік тірегі болды және болып қала береді.
Бір ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақстанның ұлттық статистикасы алғашқы есеп бюроларынан қазіргі цифрлық ведомствоға дейін айтарлықтай даму жолынан өтті. Уақыт, технологиялар, басқару тәсілдері өзгергенімен статистиктердің жоғары кәсібилігі, деректерге деген сенімділік пен озық стандарттарға адалдық сол қалпында өзгеріссіз қалды.
Бүгінгі таңда Ұлттық статистика бюросы – стратегиялық жоспарлаудың сенімді тірегі және ашық деректер саласындағы көшбасшылардың бірі.
Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының саланы цифрлық трансформациялауға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді. Заманауи IT-шешімдерді енгізу, интерактивті платформаларды дамыту, ақпаратты жинау және талдау әдістерін жетілдіру нәтижесінде статистика қоғам үшін қолжетімді әрі ашық болып отыр. Осының бәрі азаматтардың, бизнестің және халықаралық серіктестердің ресми ақпаратқа деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға ықпал етеді.
Осы мереке біздің бойымызда жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезімін тудырып қана қоймай, жаңа жетістіктердің бастауы болып табылады. Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуде және реформаларды қолдауда ұлттық статистика алдағы уақытта да шешуші рөл атқаратынына сенімдімін. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің атынан сіздерге жаңа кәсіби табыстар тілеймін. Халықаралық деңгейде кеңінен таныла беріңіздер, маңызды және игі қызметтеріңізге қоғамның сенімі арта берсін.
Ізгі ниетпен,
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев