Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар!

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!

Биыл біз Егемендік декларациясының 35 жылдығын атап өтудеміз. Бұл құжат Қазақстанның Тәуелсіздікке апарар жолындағы шешуші қадам, мемлекеттілігіміздің берік іргетасы болды.

1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Декларация халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысын паш етіп, жаңа тарихи дәуірдің басталғанын білдірді. Бұл – ел тағдырына жауапкершілікпен қараған, келешекке сеніммен ұмтылған ұлттың таңдауы болды.

Осы айтулы мереке күні баршаңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Бірлігіміз берік, болашағымыз жарқын болсын!