
Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні – 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Іс-шара барысында Агенттік Төрағасының орынбасары Сырымбет Қаскеев ұжым қызметкерлерін ұлттық мерекемен құттықтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан еңбектеріне ризашылығын білдірді.
«Биыл біз Егемендік декларациясының 35 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Бұл құжат – халқымыздың Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы, жаңа дәуірдің бастауы болды» – деді С.Қаскеев.
Мерекеге орай Агенттік пен Ұлттық статистика бюросының бірқатар қызметкерлері еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және мемлекеттік қызметтегі табанды еңбегі үшін «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі және «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісіне ие болды.