
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі баршаңызды Дүниежүзілік статистика күнімен құттықтайды!
Бұл мереке 2010 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімімен бекітіліп, сапалы және ашық деректердің жаһандық қоғамның дамуы мен өркендеуіндегі рөлін айқындады.
Статистикалық деректер – стратегиялық жоспарлау мен шешім қабылдаудың, сондай-ақ елдің өркендеуінің негізі.
Агенттік деректерді жинауға, талдауға және таратуға үлес қосып жүрген барлық мамандарға шынайы алғыс білдіреді. Сіздің кәсіби еңбегіңіз реформаларды тиімді іске асыруға және Қазақстанның дамуына зор үлес қосуда.