Агенттіктің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры тағайындалды

Агенттіктің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры тағайындалды

Шыңғыс Сейдалиев ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры болып тағайындалды.

Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін қаржы саласындағы экономика және бизнес бакалавры дәрежесімен бітірді. 2016 жылы сол университетте қаржы саласындағы ғылым магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2017 жылы «Deloitte» халықаралық компаниясында ассистент ретінде бастады.

2017 – 2022 жылдары «Делойт ТСФ» ЖШС компаниясында консультант, жетекші және аға консультант лауазымдарында жұмыс істеді.  

2022 – 2024  жылдары «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК филиалы бухгалтериясының жетекші бухгалтері және бас маманы лауазымдарында қызмет етті.

2025 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры болып тағайындалды.

Президенттік жастар кадр резервінің және британдық сертификатталған алқабилер бухгалтерлер қауымдастығының (AССA) мүшесі.