Реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев Өзбекстанның стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті

Реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев Өзбекстанның стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті

Астанада Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Төрағасы Әсет Ерғалиев Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық реформалар Агенттігінің Директоры Баходир Рахматовпен кездесті. Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық реформаларды әзірлеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Директор Баходир Рахматов Ташкент қаласында өткен «Орталық Азия-2050: бірлескен өркендеу мен тұрақтылыққа жол салу» форсайт – семинарының негізгі нәтижелері жайлы егжей-тегжейлі айтты. Ол сондай-ақ Агенттіктер арасындағы ағымдағы жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде өзара іс-қимылдың оң тәжірибесін атап өтіп, келесі жылы ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету ниетін мәлімдеді.

Агенттік Төрағасы Әсет Ерғалиев Өзбекстан Республикасында жүргізіліп жатқан құрылымдық және институционалдық реформаларға қолдау білдіре отырып, Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік өзара іс-қимылдың ерекше маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, тәжірибе алмасу, ұзақ мерзімді жоспарлау тәсілдерін әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс бүкіл өңірді дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара дайын екендігін растады.