Мәслихат депутаты сайлаушыларымен кездесу өткізді

Мәслихат депутаты сайлаушыларымен кездесу өткізді

Мәслихат депутаты сайлаушыларымен кездесу өткізді

Қалалық мәслихат депутаттары өз сайлаушыларымен тығыз қарым - қатынаста жұмыс жасайды және бекітілген кестеге сәйкес кездесулер өткізіп отырады.

Бүгін 25.04.2025 жылы №10 сайлау округінен сайланған Арыс қалалық мәслихат депутаты Садықбеков Бахтыбек Ақылбайұлы С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде халықпен кезекті кездесуін өткізді.

Кездесуге Арыс қалалық мәслихатының төрағасы Қ.Ахметов, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы, Арыс қалалық мәслихат депутаты Б.Ділдәбеков, ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі Т.Сатыбалды,"Тұран сервис Арыс" ЖШС-гі, "Жасыл-Арыс" КММ мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, №10 сайлау округінен сайланған Арыс қалалық мәслихатының депутаты Б.Садықбеков өз сайлаушыларына атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, алда атқарылуы тиіс жұмыстарымен таныстырды.

Кездесу барысында көшелерді жарықтандыру,көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, балалар ойын алаңшаларын салу, қала көшелерін көгалдандыру және т.б. сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Жиын соңында мәслихат депутаты Садықбеков Бахтыбек Ақылбайұлы айтылған ұсыныстар мен өтініштердің назарға алынатындығын және жергілікті атқарушы органға депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді.

Жиынға қатысушы тұрғындар кездесуге оң бағаларын беріп, мәслихат депутаты Б.Садықбековтің жұмысына сәттілік тілеп, тарқасты.