АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 31 СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
24.03.2025 жылы сегізінші шақырылымдағы Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс 31 сессиясының отырысы өтті. Сессия отырысын мәслихат төрағасы Қайрат Төрегелдіұлы ашып, жүргізіп отырды.
Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды.
Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқ-сандағы №27/148-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы.
Арыс қаласының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы. Арыс қалалық мәслихатының 27.12.2023ж. «Арыс қаласындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерiн сайлау туралы» №12/76-VІІІ шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы.
Сессияға дейін тұрақты комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселе жан-жақты қаралып, баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Кезектен тыс сессияда Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Асанов және Арыс қаласының жер қатынастар бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Спатай баяндама жасады.
Сессияда тиісті шешім жобалары депутаттардың бірауыздан дауыс беруімен бекітілді.
Жиын соңында мәслихат төрағасы Қайрат Төрегелдіұлы бірлесіп жұмыс жасап келе жатқан халық қалаулыларына алғысын білдірді.