«АРЫСТА ЖАҢАРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ».

«АРЫСТА ЖАҢАРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ».

«АРЫСТА ЖАҢАРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ».

  Ағымдағы жылдың 30-шілде күні  Арыс қаласында күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылған «Арыс-2» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е. Дауылбаев, Арыс қаласының әкімі Қ. Маңқараев, қалалық мәслихат депутаттары, «Қазақстан Теміржолы» ҰК» АҚ өкілдері, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсім барысында жаңа вокзалдың лентасы қиылып, қатысушылар заманауи талаптарға сай жабдықталған нысанның жұмысымен танысты. Жаңғыртылған вокзал жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға өз үлесін қосады.