
Жиделі ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Бүгін қалалық мәслихат депутаты ретінде №12 сайлау округі бойынша өз сайлаушыларыммен Жиделі ауылдық мәдениет үйінде кездесу өткіздім.
Кездесудің негізгі мақсаты - Сайлауалды бағдарлама шеңберінде әзірленген Жол картасының орындалуын баяндау, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныс-тілектерді жан-жақты талқылап, оларды жүйелеу болып табылады.
Сайлаушылармен өткен жүздесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан бірқатар маңызды өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, интернет байланыс сапасының төмендегі, мектепті табиғи газбен жылыту мәселелері, ортақ мал жайылым жерлерді ұлғайту, көшелерді жарықтандыру және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы түйткілдер сөз болды. Тұрғындардың әрбір өтініші мен ұсынысы мұқият тыңдалып, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер бердім. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізілетіні, ал күрделі мәселелер кезең-кезеңімен, жоспарлы түрде шешілетіндігін жеткіздім. Мұндай кездесулер халықпен ашық әрі жүйелі диалог орнатуға, тұрғындардың мұң-мұқтажын дер кезінде анықтап, оны шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да сайлаушылармен тұрақты негізде ашық кездесу алаңдарын ұйымдастыру жұмыстары жалғасын табатын болады.