
Байырқұм ауылы көкжиде елді мекені тұрғындарымен кездесу өтті.
30.04.2026 жылы қалалық мәслихат төрағасы Ахметов Қайрат Төрегелдіұлы №12 сайлау округі бойынша өз сайлаушыларымен Ы.Алтынсарин жалпы орта білім беретін мектебінің ғимаратында кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – Сайлауалды бағдарлама шеңберінде әзірленген Жол картасының орындалуын баяндау, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныс-тілектерді жан-жақты талқылап, оларды жүйелеу болып табылады.
Сайлаушылармен өткен жүздесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан бірқатар маңызды өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ауыз су, интернет байланыс сапасының төмендегі, мектепті табиғи газбен жылыту мәселелері және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы түйткілдер сөз болды. Тұрғындардың әрбір өтініші мен ұсынысы мұқият тыңдалып, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізілетіні, ал күрделі мәселелер кезең-кезеңімен, жоспарлы түрде шешілетіндігін жеткізді. Мұндай кездесулер халықпен ашық әрі жүйелі диалог орнатуға, тұрғындардың мұң-мұқтажын дер кезінде анықтап, оны шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да сайлаушылармен тұрақты негізде ашық кездесу алаңдарын ұйымдастыру жұмыстары жалғасын табатын болады.