
Арыс қалалық мәслихаты хабарлайды
«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты кейбір сайлау комиссияларының құрамынан жеке мүшелерінің шығуына байланысты учаскелік сайлау комиссияларына өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.
Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 31.03.2026 жылғы №87 хатына орай, төмендегі сайлау комиссия мүшелері Сайлау туралы Заңының 19 бап 6 тармағына сәйкес өз міндеттерінен босатылған:
№1 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын («КХП» партиясының өкілі);
№2 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын («ЖСДП» партиясының өкілі);
№4 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын («Қолғабыс» қоғамдық бірлестігінің өкілі);
№9 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын («Түркістан облысы агроөнеркәсіптік еңбеккерлері, қайта өндеу кәсіпорындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің өкілі);
№18 учаскелік сайлау комиссиясында 2 орын, («ҚХП» партиясының, «Қолғабыс» қоғамдық бірлестігінің өкілдері);
№25 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын, («АMANAT» партиясының өкілі);
№29 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын, («ҚХП» партиясының өкілі);
№30 учаскелік сайлау комиссиясында 2 орын, («Ауыл» партиясының, «Түркістан облысы агроөнеркәсіптік еңбеккерлері, қайта өндеу кәсіпорындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері);
№31 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын («ЖСДП» партиясының өкілі);
№33 учаскелік сайлау комиссиясында 1 орын («ЖСДП» партиясының өкілі);
Жоғарыда көрсетілген сайлау комиссиялары мүшелерінің орнына мүшелері шығып кеткен немесе өкілдері жоқ саяси партиялардан, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен ұсыныстар Арыс қалалық мәслихатына қабылданады.
|
№ р/с |
Сайлау комиссияның атауы |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссияла-рының қайта сайла-натын мүшелерінің саны |
|
1. |
№1 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әл-Фараби көшесі, №1, «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ |
1 |
|
2. |
№2 учаскелік сайлау комиссиясы |
М.Әуезов көшесі №25 үй, «Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ |
1 |
|
3. |
№4 учаскелік сайлау комиссиясы |
А.Байтұрсынов көшесі, №141, «Абай атындағы «Білім-инновация» ер балалар лицей-интернаты» КММ |
1 |
|
4. |
№9 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әділбек би көшесі, №1, «№8 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш сыныптарының оқу корпусы |
1 |
|
5. |
№18 учаскелік сайлау комиссиясы |
С.Сейфуллин көшесі, №1Б, «С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ |
2 |
|
6. |
№25 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қаражантақ ауылы, Аламан көшесі, №11А «Б.Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ |
1 |
|
7. |
№29 учаскелік сайлау комиссиясы |
Көкжиде ауылы, М.Маметова көшесі, №8, «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ |
1 |
|
8. |
№30 учаскелік сайлау комиссиясы |
Аққала ауылы, Р.Сәрсенов көшесі, №12, «Аққала жалпы білім беретін мектебі» КММ |
2 |
|
9. |
№31 учаскелік сайлау комиссиясы |
Жиделі ауылы, Орталық көшесі, №14, Жиделі ауылдық клубы ғимараты |
1 |
|
10. |
№33 учаскелік сайлау комиссиясы |
Байтоғай ауылы, №1 көшесі, «№5 М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ |
1 |
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері.
2026 жылғы 4 сәуірден бастап 20 сәуір аралығында Арыс қалалық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады:
бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
белгіленген нысандағы өтініші.
Өтініштің нысандары Арыс қалалық мәслихатының ресми сайтында
орналастырылған. (maslihat-arys.gov.kz).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясы құрамын құратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Сайлау комиссиясы құрамы жартысынан астамы бір ұйым қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. (19 бап).
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясы құрамын құратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Мәслихатта ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 19.00- ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс 13.00 ден 15.00-ге дейін.
Ұсыныстар 2026 жылғы 20 сәуір күні сағат 19.00- ге дейін қабылданады.
Ахметов Қайрат Төрегелдіұлы - Арыс қалалық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері : Арыс қаласы Әл-Фараби көшесі 3 үй.
Жауапты Ботабаев Заңғар Жамбырбайұлы -Арыс қалалық мәслихат аппараты тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маманы, қызметтік тел 2-01-77, электрондық пошта z.botabaev@ontustik.gov.kz