Конституциялық реформалар – Байырқұм тұрғындарының талқысында

Конституциялық реформалар – Байырқұм тұрғындарының талқысында

Конституциялық реформалар – Байырқұм тұрғындарының талқысында

Алдағы 15 наурызға жоспарланған референдум аясында конституциялық өзгерістерді кеңінен түсіндіру мақсатында Байырқұм ауылдық округінің тұрғындарымен арнайы кездесу өтті. Басқосуға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өкілдері – Бақтығали Ділдәбеков пен Қайрат Ахметов қатысып, ауыл жұртшылығымен еркін форматта пікір алмасты.

Кездесу барысында коалиция мүшелері ұсынылып отырған конституциялық түзетулердің негізгі бағыттарын тарқатып айтып, олардың ел дамуына ықпалына кеңінен тоқталды. Спикерлер референдумның маңыздылығын айта келе, бұл – әр азаматтың мемлекет болашағына қатысты таңдау жасауына мүмкіндік беретін маңызды саяси қадам екенін атап өтті.

Бақтығали Сәрсенбекұлы өз сөзінде референдум халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нығайта түсетінін жеткізіп, тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды. Ал Қайрат Төрегелдіұлы ұсынылып отырған реформалардың қоғамның әлеуметтік, саяси және экономикалық салаларына тигізер әсерін түсіндіріп, өзгерістердің мәні мен мақсатын нақты мысалдар арқылы баяндады.

Жиын ашық диалог форматында өтті. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Кездесу соңында қатысушылар алдағы жалпыхалықтық дауыс беруге белсенді түрде қатысуға ниетті екендерін білдірді.