Байырқұм тұрғындарына ақпараттық акция ұйымдастырылды

Байырқұм тұрғындарына ақпараттық акция ұйымдастырылды

Байырқұм тұрғындарына ақпараттық акция ұйымдастырылды

Алдағы 15 наурызға белгіленген референдум аясында Байырқұм ауылында «Есіктен есікке» акциясы өткізілді. Акция барысында тұрғындармен жеке кездесулер ұйымдастырылып, конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Арыс қалалық коалиция төрағасы Бақтығали Ділдәбеков және Арыс қалалық мәслихатының төрағасы, коалиция мүшесі Қайрат Ахметов ауыл тұрғындарымен кездесіп, әр отбасыға барып, референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын жеткізді. Олар әр азаматтың маңызды шешім қабылдауына мүмкіндік беретін демократиялық үдеріс ретінде референдумға қатысуға белсенді болуға шақырды.

Шараға коалиция белсенділері мен жастар да қатысып, тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат материалдары заңда белгіленген талаптарға сәйкес арнайы орындарға орналастырылды.

Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды, пікір алмасу ашық форматта өтті.

#референдум

#референдум2026

#жаңаКонституция

#новаяКонституция

#АтаЗаң

#15наурыз