ЖИДЕЛІ АУЫЛЫНДА «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ЖИДЕЛІ АУЫЛЫНДА «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ЖИДЕЛІ АУЫЛЫНДА «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін, ағымдағы  жылы 15 наурызға белгіленген референдум бойынша конституциялық өзгерістерді түсіндіру мақсатында Жиделі ауылында «Есіктен есікке» акциясы өткізілді. Ақпараттық-насихат жұмыстары аясында тұрғындармен жеке кездесулер ұйымдастырылып, референдумның маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Акция барысында Арыс қалалық мәслихатының төрағасы, коалиция мүшесі Қайрат Төрегелдіұлы мен Арыс қалалық коалиция төрағасы Бақтығали Сәрсенбекұлы ауыл тұрғындарымен жүздесіп, алдағы референдумның мәні мен маңызын түсіндірді.                                                Референдум – әр азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауына мүмкіндік беретін демократиялық үдеріс екенін атап өтіп,  тұрғындарды алдағы жалпыхалықтық таңдау жасауға белсенді қатысуға шақырды.

Шара барысында тұрғындармен еркін әңгіме өрбіп, олардың пікірлері тыңдалды. Ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.