
ЖИДЕЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ РЕФЕРЕНДУМ ЖАЙЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін, ағымдағы жылы 15 наурызға белгіленген референдум бойынша «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалиция мүшелері конституциялық өзгерістерді түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихат жұмыстары аясында Жиделі ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Арыс қалалық мәслихатының төрағасы, коалиция мүшесі Қайрат Төрегелдіұлы мен Арыс қалалық коалиция төрағасы Бақтығали Сәрсенбекұлы ауыл тұрғындарымен жүздесіп, тұрғындармен ашық пікір алмасу өткзіп, ұсынылып отырған реформалардың мазмұны кеңінен таныстырылды.
Кездесуде коалиция төрағасы Бақтығали Сәрсенбекұлы конституциялық өзгерістердің негізгі мақсаты – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайту, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашу екенін атап өтті. Сонымен қатар, әрбір азаматтың дауыс беру арқылы ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысатынын жеткізіп, тұрғындарды белсенді болуға шақырды.
Жиында коалиция мүшесі Қайрат Ахметов сөз алып, конституциялық реформалардың мазмұны мен маңызын қарапайым тілмен түсіндіріп өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен жүзеге асу жолдары жөнінде кеңінен жауап алды.