ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫМЕН ЕЛДІК БАСТАМАЛАР СӨЗ БОЛДЫ

ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫМЕН ЕЛДІК БАСТАМАЛАР СӨЗ БОЛДЫ

ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫМЕН ЕЛДІК БАСТАМАЛАР СӨЗ БОЛДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Балабиев жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы мектебінде болды.

Жиын барысында ел көлемінде жүріп жатқан конституциялық жаңарту үдерістері мен алдағы жалпыхалықтық референдумның мазмұны жан-жақты талқыланды. Кездесудің басты мақсаты - білім саласы қызметкерлеріне реформалардың мәнін түсіндіру және саяси науқанның маңызын кеңінен жеткізу болды.

Қ.Балабиев өз сөзінде қазіргі өзгерістер мемлекетті басқару жүйесін жетілдіруге, құқықтық кепілдіктерді нақтылауға және қоғам сұранысына сай тетіктерді күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Ол реформалардың түпкі нәтижесі азаматтардың мүддесіне қызмет етуі тиіс екенін айтты.

Коалиция мүшесі ретінде қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов сөз сөйлеп, референдум - халық пікірін тікелей білдіретін демократиялық мүмкіндік екенін жеткізді. Әсіресе ұстаздар қауымының қоғамдағы түсіндіру жұмыстарына белсенді араласуы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу ашық әңгіме форматында өрбіді. Мектеп ұжымы тарапынан заңнамалық өзгерістердің әлеуметтік салаға әсері, азаматтардың құқықтары мен қоғамдық бақылау тетіктері жөнінде сауалдар қойылды. Мәжіліс депутаты әрбір сұраққа кеңінен тоқталып, ұсынылып отырған нормалардың практикалық маңызын түсіндіріп берді.

Жиын қорытындысында педагогтар мұндай мазмұнды кездесулер кәсіби орта үшін пайдалы екенін айтып, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға жауапкершілікпен қатысатынын білдірді.